Құрма — сан түрлі дерттің таптырмас шипасы. Олай болса құрма жайлы не білеміз? Құрма көбіне ыстық климатты аймақтарда өсіріледі. Құрманың 500-ге тарта түрі бар. Құрманы тұқымынан өсіргенде 5 — 7 жылда, ұластырылғандары 3 — 4 жылда жеміс береді. Құрма жемісінің пайдалы қасиеттері: мидың жұмыс істеу қабілетін арттырады, қатерлі ісіктен сақтайды, холестеринге пайдалы, ғажап жеміс, каротиннің көптігі теріге де пайдалы, қан аздыққа пайдалы, бауырдың жұмысын жақсартады.